ҚР ЖИЦДМ спартакиадасы «Akkol Ski Fest» шаңғы жарысымен басталды
2026 жылдың 7 ақпанында Ақкөл қаласындағы «Resort Center Sharzhum» сауықтыру кешені аумағында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұйымдастырған шаңғы жарысы өтті.
Шаңғы жарысы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің салауатты өмір салтын насихаттау мен дамытуға арналған спартакиада бағдарламасын ашты.
Шаңғы жарысына ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, оның ведомстволық бағанысты ұйымдарының - «Ғалам» ЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КеАҚ, «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және «РҒБО» АҚ өкілдері қатысты.
Әйелдер командасындағы қатысушылар үшін жарыс қашықтығы 1,6 км, ерлер үшін 5 км болды.
Ерлер арасындағы шаңғы жарысы қорытындысы бойынша Алмаз Келгенбаев («Ғалам» ЖШС) 28 минут 18 секунд уақытпен ең үздік нәтижеге қол жеткізді. «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК қызметкері Тілеген Какенов 33 минут 36 секунд уақытпен екінші орын алды. Үшінші орынды да «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК өкілі Қасиет Кожин иеленді, оның уақыты 36 минут 07 секунд.
«РҒБО» АҚ өкілдері Руслан Мұхамадиев пен Асхат Исмұхамбетов шаңғы жарысын төртінші және бесінші орындармен аяқтады.
Әйелдер арасында Әсел Берентаева («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК») 9 минут 35 секунд уақытпен жарысты бірінші болып аяқтады, оның әріптесі Айсұлу Жапанова («Ғалам» ЖШС) 14 минут 32 секунд уақытпен екінші орын алды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КеАҚ өкілі Шынар Шракпаева қашықтықты 15 минут 18 секунд уақытпен аяқтап, үшінші орынды иеленді.
Төртінші және бесінші орындарды иеленген «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК шаңғышылары М. Байтасова мен Д.Жұмабекованың жеңіске деген жігерін атап өткен жөн.
Жеңімпаздарға сертификаттар мен медальдар табысталды. «РҒБО» АҚ басшылығы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алғашқы нәтижелер 2026 жыл бойы өтетін Спартакиаданың жалпы командалық есебіне есептелетінін атап өтті.
Жарысты ұйымдастыруға жауапты «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының Байланыс мониторингі бөлімінің басшысы Ғалымжан Микишев биылғы жылы бір күн бұрын жауған қалың қарға байланысты тас жол қиын болғанын, бірақ барлық қатысушылар оны соңына дейін жүріп өткенін айтты.
Өз кезегінде қатысушы-командалардың өкілдері «РҒБО» АҚ-ға осындай әдемі жерде жарыстарды ұйымдастырғаны, достық пен қонақжайлылық үшін алғыс білдірді. Демалыс аймағына көптеген адамдар отбасыларымен, балаларымен келді, олар шаңғы және коньки тебіп, кафе мен мейрамханада дәмді түскі ас ішіп, қарағайлы орман ішінде серуендеді.