Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ ардагерлері ведомстволық наградаларға ие болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 30.04.2025

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов «РҒБО» АҚ ұжымына барды.

Қазақстанның ғарыш саласының басшылары РҒБО-ның еліміздің ғарыштық байланысын дамытуға қосқан табысты жұмысы мен үлесін атап өтті, қызметкерлерді алдағы мамыр мерекелерімен құттықтап, ведомстволық наградаларды табыс етті.

«Еңбек ардагері» медалін «РҒБО» АҚ Ғарыштық байланыс жүйесі департаментінің директоры Виктор Лефтерге министрдің атынан Мәлік Серікұлы табыстады. Бұл сәт оқушының ұстазға деген алғысы тәрізді болды: өздеріңіз білетіндей, Мәлік Олжабеков еңбек жолын РҒБО-да компания президенті Виктор Лефтердің көмекшісі болып бастаған.

«Ғарыш саласына қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалін «РҒБО» АҚ Жобалық кеңсесінің жобалық менеджері Марал Дарханға Баубек Жеткергенұлы табыс етті. «Сіздің наградаларыңыз – біздің жетістіктеріміз», - деп атап өтті Қазғарыш басшысы құттықтау сөзінде.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев Министрліктің барлық ұжымның және әсіресе РҒБО-ны құрудың бастауында тұрған кәсіпорын ардагерлерінің жұмысын жоғары бағалағаны үшін қонақтарға алғысын білдірді.