Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 халықаралық форумына қатысады

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы -
Күн: 01.09.2026

Пресс-релиз. Астана, 2026 жылғы 1 қыркүйек. - 7-9 қыркүйек аралығында Астанадағы Nazarbayev University алаңында ғарыш саласы, халықаралық ұйымдар, бизнес, ғылым және технологиялық қоғамдастық өкілдерін біріктіретін SPACE DAYS КAZAKHSTAN 2026 халықаралық форумы өтеді.

Форум аясында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ («РҒБО» АҚ) жерсеріктік технологияларды дамытуға және олардың елдің цифрлық трансформациясындағы рөліне арналған үш тақырыптық панельдік сессияның ұйымдастырушысы болады.

«РҒБО» АҚ-ның SPACE DAYS КAZAKHSTAN 2026-ға қатысуы – бұл кәсіби қоғамдастыққа Қазақстанның жерсеріктік инфрақұрылымын дамытудың өзекті бағыттарын ұсынып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық сарапшылармен саланың одан әрі дамуын айқындай алатын практикалық шешімдерді талқылау мүмкіндігі», - деп атап өтті «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев.

«Елдің цифрлық егемендігіндегі жерсеріктік байланыстың рөлі» сессиясы аясында халықаралық және қазақстандық сарапшылар ұлттық коммуникациялық жүйелердің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жерсеріктік инфрақұрылымның маңыздылығын талқылайды. Қатысушылардың қатарында Eutelsat, SES, Thales Alenia Space, China Great Wall Industry Corporation халықаралық ғарыш және телекоммуникация компанияларының өкілдері, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы сарапшылар бар. Екінші панельдік сессия жерсеріктік инфрақұрылым негізінде қызметтер нарығын дамытуға арналады. Сарапшылар жерсеріктік технологияларды қолдануды кеңейту перспективаларын, жаңа сервистерді дамытуды және байланыс операторларының, технологиялық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың өзара іс-қимылын талқылайды. Талқылауға TelService LTD, «Транстелеком» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері қатысады.

Ғарыштық және телекоммуникациялық технологияларды дамытудың перспективалық бағыттарының бірі - жерсеріктік IoT-ға жеке сессия арналатын болады. Халықаралық сарапшылардың қатарында Франциядан келген мамандар және IOT, SpaceTech және халықаралық бизнесті дамыту саласында жұмыс істейтін Kineis және Lacuna Space компанияларының өкілдері бар.

Ғарыш саласындағы кәсіби және технологиялық өзара іс-қимылдың дәстүрлі қазақстандық алаңына айналған SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 кезекті халықаралық форумы ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді, деп есептейді Қазғарыш.