Пресс-центр/
Жаңалық

Цифрландыру күніне орай марапаттау

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 16.11.2026

2026 жылғы 14 қарашада Астана қаласының Халықаралық көрме орталығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің қатысуымен Цифрландыру жәнеақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

«РҒБО» АҚ командасы осы мерекелік күнге орай ұйымдастырылған тимбилдингке белсенді қатысты. «Kazsat»командасының құрамында «Ақкөл» ғарыштық бfйланыс орталығының инженерлері мен орталық аппарат қызметкерлерін қоса алғанда, барлығы 15 адам болды.

Тимбилдинг қорытындысы бойынша барлық командалар марапатталды. Сонымен қатар, спорттық іс-шарабарысында жыл бойы өткізілген ҚР ЖИЦДМ спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Осы мерекелік күні министрлікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың үздік мамандары да марапатталды.«Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының байланыс мониторингі бөлімінің жетекші инженері ӘсетАхметжановқа министр Жаслан Мәдиевтің қолынан «Үздік цифрландырушы» төсбелгісі табысталды.

Әсет Ахметжанов 36 жаста, төрт жоғары оқу орнын бітірген, «Ғарыштық техника және технологиялар»мамандығы бойынша техника және технология магистрі. «РҒБО» АҚ-да, атап айтқанда, «Ақкөл» ғарыштықбайланыс орталығында 2013 жылдан бері еңбек етеді. Орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.