Пресс-центр/
Жаңалық

Ақкөл қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрін еске алып, құрмет көрсетілді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 09.05.2025

Жеңіс күні қарсаңында Республикалық ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері әйгілі жерлесіміз, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Біз, көбісі әскери борышын өтеген «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының (ҒБО) инженерлері үшін генерал Нұрмағамбетов Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылады. Ол 18 жасында майданға аттанып, Берлинге дейін шайқасты, соғыс аяқталғаннан кейін бір айдан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сағадат Қожахметұлына құрмет - бұл біздің қасиетті парызымыз және ежелден келе жатқан дәстүріміз», - дейді Орталық директоры Қайрат Телғарин.

Сол күні «Ақкөл» ҒБО ұжымы қаза тапқан ауған жауынгерлерінің обелискіне гүл шоқтарын қойды, олардың арасында армия генералының жиені, 19 жастағы Кеңес Нұрмағамбетов те бар.

Нұрмағамбетовтер отбасы туралы ҚР тұңғыш Қорғаныс министрінің 100 жылдығына арналған өз материалдарымызда https://www.inform.kz/ru/rod-nurmagambetovih-spolna-oplatil-svoey-rodine-potomki-delyatsya-vospominaniyami-o-svoem-dede толығырақ айтып бердік

Ресми статистикаға сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға Ақмола облысы Ақкөл ауданының бес мыңнан астам тұрғыны жұмылдырылды. Олардың жартысына жуығы үйіне оралмады, өз өмірін Отанына берді.