Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Көктерек» ҒБО ұжымымен кездесті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 29.09.2029

2026 жылғы 29 қыркүйекте «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Боран Дюсенов «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының басшылығы және мамандарымен онлайн форматта кеңес өткізді.

2026 жылдың өткен үшінші тоқсанында акционерлік қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі жүргізген іс-шаралар туралы сөз болды.

Комплаенс-офицер атап өткендей, қызметкерлермен өткізілетін жоспарлы кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, корпоративтік және этикалық құндылықтарды арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және іскерлік әдеп нормаларын сақтауға, бизнес-процестерді жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге бағытталған консультациялар мен семинарлар өткізіледі.

Акционерлік қоғамның 2025 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселесіне ерекше назар аударылып, қарау және талқылау қорытындысы бойынша Басқарма төрағасының бұйрығы шығарылып, «Акционерлік қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Комплаенс-офицер Қоғам басшыларының өздеріне бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігіне қойылатын талаптардың сақталуына, мүдделер қақтығысының болуына, сондай-ақ «РҒБО» АҚ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 270-нысан бойынша декларацияны уақтылы ұсынуына тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Б. Дюсенов кездесу қатысушыларын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жекелеген баптарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығы үшін айыппұл мөлшері 750 АЕК-тен 2,9 миллион теңгеге дейін арттырылады, ал жалған немесе дәл емес мәлімет (ақпарат) бергені үшін жеке мүдделер туралы декларация (мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілгендер үшін) енгізіледі.

«Көктeрек» ҒБО қызметкерлері барлық сұрақтарына, соның ішінде жаңа мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізуге және жаңадан құрылған мемлекеттік сатып алуды жоспарлау комиссиясымен өзара әрекеттесуге қатысты сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында комплаенс-офицер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің алдағы жаңа құжатына – «Акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін» бекітуге байланысты «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына акционерлік қоғамның Іскерлік әдеп кодексіне толықтырулар енгізу мәселесін шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.