«РҒБО» АҚ-да жаңа тағайындаулар
«РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 5 қарашадағы шешімімен «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Роман Сергеевич Ермашов тағайындалды, оған дейін «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығын (ҒБО) басқарды.
Р.С. Ермашов 1977 жылы дүниеге келген.
1999 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиотехника» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – радиоинженер.
Жерсеріктік байланыс жүйелері саласындағы жалпы жұмыс өтілі 27 жыл.
Р.С. Ермашов «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында 2011 жылы оның құрылысы басталған кезден бастап жұмыс істеді, 2020 жылдан бастап «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының директоры - бас инженері лауазамында жұмыс атқарды.
«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының 2026 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының директоры - бас инженері болып Андрей Рафаэльевич Парфенов тағайындалды. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол «Көктерек» ҒБО-ның Желіні басқару орталығын басқарды.