Пресс-центр/
Жаңалық

Астанадағы Еуразиялық экономикалық форумында ҚР ЖИ-экожүйесі

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Нургалиева Сара Кабиевна
Күн: 28.05.2026

2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Жасанды интеллект және бәсекелестіктің жаңа парадигмасы: ЕАЭО трансшекаралық нарықтарын дамытудың қатері ме әлде драйвері ме?» атты панельдік сессия өтті.

«РБҒО» АҚ қызметкерлері сессияға қатысушылармен бірге жасанды интеллект технологияларының нарықтарды трансформациялауға, цифрлық экожүйелерді дамытуға әсерін және жаңа цифрлық экономика жағдайында монополияға қарсы реттеу тәсілдерінің өзгеруін талқылады.

Сессия барысында Қазақстан цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттарынан бастап кадрлар даярлауға, заңнамалық базаға және халықаралық ынтымақтастыққа дейін - жасанды интеллектті толыққанды ұлттық экожүйесін жүйелі түрде қалыптастырып жатқаны атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан цифрлық даму деңгейі мен жасанды интеллектті енгізуге дайындығы бойынша Орталық Азияда көшбасшылық позицияға ие. 2025 жылы ел ЖИ-ге дайындықтың жаһандық индексінде 195 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді, сондай-ақ, электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кірді, атап айтқанда БҰҰ Электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орын және БҰҰ Онлайн-сервистер индексінде 10-орындарды иеленеді.

Мемлекеттік деректердің орталықтандырылған және қауіпсіз интеграциясын қамтамасыз ететін Smart Data Ukimet мемлекеттік платформасы ЖИ-ді енгізудің негізгі іргетасына айналды. Осының арқасында Қазақстан жекелеген цифрлық сервистерден data-driven мемлекетін құруға және мемлекеттік басқаруға ЖИ-ні жүйелі түрде енгізуге көшуде.

Заманауи реттеушілік ортаны қалыптастыруға маңызды мән беріледі. Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» жаңа Заңы саланың дамуы үшін ашық әрі түсінікті ережелер құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әзірлеушілер мен халықаралық инвесторлар үшін болжамды ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Цифрлық егемендікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан өзінің есептеу инфрақұрылымын белсенді түрде дамытуда. Елде NVIDIA H200 жаңа чиптері негізінде екі жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер жұмыс істеп тұр.