Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс қызметкері «Ақкөл» ҒБО ұжымымен кезекті кездесу өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 11.06.2025

2025 жылдың 11 маусымында «РҒБО» АҚ комплаенс қызметкері Боран Дүйсенов пен «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының басшылары мен мамандары арасында кездесу өтті.

Отырыс барысында ол 2024 жылға және 2025 жылдың 5 айына «РҒБО» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқанын айтты. Құрылымдық бөлімшелердің өз қызметі, бизнес-процестер жұмысын дамыту және жетілдіру бағыттары бойынша ұсынған материалдарын тексеру және зерделеу 20 мамырда басталып, ағымдағы жылдың маусым айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Қоғамның бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Қоғамның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі; Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; мүдделер қақтығысына байланысты және мемлекеттік сатып алу, қаржы құралдарын игеру және бөлу мәселелеріне; объектілердегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау және басқа да мәселелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Комплаенс қызметкері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптары туралы толығырақ айтып берді, олар мыналарды қамтиды: Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімі; Заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығы үшін айыппұлды ұлғайту (750 АЕК 2,9 млн. теңгеге дейін); Жеке мүдделер декларациясы және басқа да толықтырулар.

Комплаенс қызметкері мемлекеттік сатып алуды өткізуге (мемлекеттік сатып алу туралы жаңа ережелер), жұмыс және акционерлік қоғамда құрылған «Жоспарлау» комиссиясымен өзара іс-қимылға қатысты көптеген түйткілді сұрақтарға толық түсіндірмелер мен жауаптар берді.

Кездесу соңында Б. Дүйсенов Орталықтың өндірістік аумақтарын аралап, мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Іскерлік этика және Корпоративтік басқару кодекстерінің нормалары мен талаптарын сақтау мәселесі бойынша сұхбаттар жүргізді.