Космонавтика күнін атап өту
Космонавтика күні қарсаңында ҚР Президенттік орталығында Юрий Гагариннің алғашқы ғарышқа ұшуының 65 жылдығына және ғарыш туризмінің 25 жылдығына арналған көрме өтті. «РҒБО» АҚ ұжымы мерекелік іс-шараға қатысты.
«РҒБО» АҚ көрмеде «Kazsat-2» және «Kazsat-3» ғарыш аппараттарының макеттерін, сондай-ақ Қазақстанның ғарышты игеру тарихы туралы деректі кітаптар мен фильмдерді көрсетті.
Көрменің ашылуы алдында «РҒБО» АҚ өкілдеріне Президенттік орталыққа экскурсия ұйымдастырылып, оған ҚР Парламентінің депутаттары, депутаттық корпус, қоғам және үкімет қайраткерлері қатысты.
«Біз ел мұрасының сақтаушысы болып табылатын бірегей Президенттік орталыққа барғанымыздан қатты әсерлендік, ал мерекелік бағдарлама мен ғарыш көрмесі бізге Космонавтика күніне қатысымыз барын сезіндірді», - деп атап өтті әріптестеріміз.
Бұл туралы толығырақ ақпаратты Kazinform агенттігінің материалында мына сілтеме бойынша оқи аласыз https://www.inform.kz/ru/ot-gagarina-do-kazsat-v-astane-otkrilas-vistavka-o-kosmose-c96615.
***
Ғарышкерлер күніне орай «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде «Ақкөл» ҒБО және «Көктерек» ҒБО қосылу арқылы салтанатты жиын өтті.
Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев әріптестерін мерекемен құттықтап, Ғарыш байланыс жүйелері департаментінің директоры Шоқан Свогузовқа «Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалін табыс етті.
Мерекелік іс-шарада әріптестер «Kazsat» ғарыштық байланыс жүйесінің табысты жұмыс істеуіне, бейбітшілік пен өркендеуге жылы лебіздерін білдірді.